Түркістан бола құртыстан
Құрт қамады əр тұстан
Кіндігі еді Түріктің
Тоздырады ау көп дұшпан
Қожа Ахмет Ясауи
Тегі бола Ол Ғалауи
Арап елін тастай кеп
Мұнда жырлап адами
Тілін біліп халықтың
Танытты не ғашықтың
Пайғамбар жасы толғанда
Қылует ете жатып тың
Керек демей бүл дүнйе
Жұқарта бермей ал жүйке
Осы бейнет жетер деп
Өнеге қойды билерге
Сасық қоңыз болма деп
Аз ақ азық жолға деп
Ізгілікті болсайшы
Көбі жүк деп оллаһ көп
Кəне Одан үлгі алған
Қуғандары тек жалған
Қуантатын жоқтарды
Аударар жерден Ол жатқан
Ашындырар халықты
Зұлымдыққа батыпты
Құрықпаса қарадан
Көре жатар тамұқты.
برچسب:
نویسنده: یلدا اسدیان