
Құрқылтай ұясы бедеулікке таптырмас ем екенін жазған болатынбыз, деп жазады Замана газеті.
Осы мақалаға орай бізге Астана қаласынан Ғабит Әлмаханұлы есімді азамат хабарласты. Ол бізге құрқылтай ұясының тек бедеулік емес, одан бөлек 80 түрлі ауруға шипа болатынын айтып берді.
«Атам – әкемнің ағасы кезінде құрқылтайдың ұясымен талай адамды аурудан дәрісіз-ақ емдеп жазғанын білемін. Тіпті қазір дәріxadгерxadлер операция жасатпаса болмайды дейтін кеселxadдерxadдің өзі осындай 1-2 емнен кейін жазылып кететінін көxadріп өстім.
Құрқылтай – қасиетті құс. Ол ұясын аң-құс көп болатын қалың, ну орманда емес, қаупі аздау тоғайдағы биікxadтеу ағаштың ұшар басындағы бұтағына сілекеxadйімен араластырып, тоқып «іледі». Бірақ берік бекіxadтеxadтіні сондай, желмен тербелсе де жерге түспейді. Оған адам түгілі, жорғалаған жылан да жете алмайды. Өйтxadкені жылан қанxadша жармасса да бұтақтың иілгіштігінен жерге сырғып түсіп қаxadлады.
Атам бұл құсқа зиян тигіxadзуге болмайды, киесі ұрады деп жиі айтып отыратын. Ал ұяны балапандары қаxadнатxadтанып, ұшқан кезде – күзxadде ғана жинайтын. Ұя 6-7 метр биікxadтеу жерде болады. Атам алдымен дұға оқиды. Сосын ат үстінде ерге аяxadғын тіреп тік тұрады да, мені көтереді. Қолыма ұзын таяқ беріп қояды. Мен ұяны сол таяқxadпен іліп алатынмын. Бұл менің шамамен 7-8 жастағы кезім.
Құрқылтайдың ұясы ең алдымен бүйрек ауруына ем. Ауыл-аймақтағы бүйрегі суықтап-сыздаған, онда құм, тұз бар адамдар дәрігерге емес, атама келетіні есімде. Ол кезде біз Өзбекстанда – Бұқарада тұратынбыз. Атам бісмілләсін айтып, бір ұяны ортасынан екіге бөліп, оны екі бүйрекке таңып қояды. Сыртынан жылы орап қою керек. Құрқылтай ұясы бүлінxadбейді, сасымайды. Сондықтан бүйрек суықтағанда оны қайтадан қолдана беруге болады.
Әлі есімде, бала кезімде жатыр жарығымен (паховая грыжа) ауырдым. Дәрігерлер оған операция жасау керек деді. Онда да кейін ұрпақсыз болуым мүмкін екенін ескерxadтіпті. Олардың сөзін мұқият тыңдаған атам қолын бір сілтеп, үйге келді де, меxadні құрқылтай ұясының түтініxadмен емдеді. Қазір, міxadне, қыxadрықтан асып барамын. Аллаға шүкір, ұл-қызым бар. Бүxadгінгі медицинада операциясыз ем болмайды деген аурудан мен пышақ тиxadгізбей, дәрі ішпей, аз-ақ күнxadде жазылып кеттім.
Өмірінде бір күн ауруханаға жатпаған, дәрі де ішxadпеген атам жүз жасады. Өмірxadден өткенше тік жүріп, тік тұрды. Ол кісі: «Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем», – деп отыратын. Балалықпен көп нәрсеге мән берxadмепxadпіз. Дегенмен есімде қалған біраз ем түрлерін айтайын.
Емді өзіңіз де жасай аласыз
Құрқылтайдың ұясымен емделу үшін емші іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Оны қалаған адам өзі-ақ жасай алады. Емдік қасиеті бар шөптерден іріктеп, әрі сілеxadкейімен өріле тоқылған ұя жібек сияқты болады. Оның біреуін бірнеше емге пайдалана аласыз. Цистит кеxadзінxadде немесе бала шыжың болса, ересектерде де зәрдің шықпауы немесе жиі мазалауында, қуыққа тас байланса, қуық қабынса ұядан азырақ бөліп алып, түтіп, шұқырлау темір ыдысқа саласыз да, оған азырақ қана адыраспан қосасыз. Оны адыраспанды түтеткендей түтету керек. Қыз-келінxadшекxadтер ұзын етек көйлек, ал ер адамдар белінен төxadмен жамылғы орап алып, сол түтін басылғанша үстінде отырады. Оған ары кеткенде 10-15 минут қана уақыт кетеді. Сосын жылы киініп алу шарт. Екі-үш рет жасаса жеткілікті. Өз басым зәр шықпай қиналған жас балалардың бірінші ем кезінде-ақ шаптырып жібергенін талай көргенмін.
Тап осы амал әйелдерxadдегі суықтау, жатырдағы басқа да ауруларда, бедеуxadлікте, ер-азаматтардағы импотенция, простатитте, бел омыртқасындағы грыжаға да шипа. Тізеде, буындарда, тіпті желкеде тұз болса, сары су жиналу, аяқ буынxadдары ісінуі, сүйектің қақсауында жаңа орылған бидайды сабағымен алып, құрқылтай ұясының аз ғана бөлігімен суға бір қайнатып, айналасын қымтап, сол қоймалжыңxadға тізерлеп отырады. Оны азырақ мөлxadшерде жасап, қалыңдау матаxadға салып, екі тізеге, желкеге таxadңып қоюға да болады. Қаны қою, ұйып қала беретін адамxadдарға, радикулит, остеохондрозда да осы амал ем».
Ғабит Әлмаханұлы сондай-ақ он жыл бұрын сыныптасының үлкен қызының бір бүйрегі семіп қалғаxadнын айтты. Ол қызды таныстары жоғарыдағыдай тәсілмен: бүйрекке құрқылтай ұясын таңу арқылы емдеген екен. Бүгінде жоғары оқу орындарының біxadрінxadде білім алып жүрген студент қыздың екі бүйрегі де сау дейді. Басқалай жағдайда ол қыз гемодиализге тәxadуелді болып, бүйрек алмастыру операциясын жасатуына тура келетін еді.
Міне, құрқылтай ұясының осындай ерекше қасиеті бар екен. Мұны да біле жүргеніміз жөн. Дегенмен ем екен деп қасиетті құстың ұясын балапандары қанаттанбаған кезде алып, оның көбеюіне зиян тигізбеу жағын да ұмытпағанымыз жөн. Қай нәрсенің де обалы, киесі болатынын естен шығармайық.
برچسب:
نویسنده: یلدا اسدیان