Айғақтау
Ел ордада бесінші құрылтай орайлы жер жүзінен бірталай қазақ бас қоса алғанына қуана төмендегі қол қойғандар, Иран Ислам Республикасындағы қандастары атынан, атамекенге оралған Ысрафил Рахатұлы Бегейдің басына түскен іске алаңдап , оны əрқилы жаман қылық-пейілден аман екенін растап айтарымыз: ол Иранда жүргенде де ешкімге кесірі тимей тек - қана өз білгендерін көпшілікке ұсынып жүрумен болған-ды. Ал Қазақстанға барғанда да мақсаты өз мамандығы бойынша қызмет ету екені бізге айдай аян. Əйтсе де кейбіреулер оның ісін жөн түсінбей үстінен арызданып соттатқан болыпты. Құдайға шүкір ол ақталыпты. Дегенмен осындай пәлені бастан өткерген жанды азаматтық сыйлап қорғалса екен деп тілек білдіруді жөн көрдік.
Иран Ислам Республикасындағы қандастары атынан
Қажы Мұқамбет Қаракедей
برچسب:
نویسنده: یلدا اسدیان