خرید بک لینک

100 мың еуроның буы Маңғыстау әкімі Тоғжановты жалғыз қалдырды

Соңғы күндері Маңғыстау облыстының әкімдігінде жалғыз облыс әкімі Ералы Тоғжанов қана қалғандай жағдай туып отыр.

Ақтау халықаралық әуежайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарын құрықтаған.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев өзімен бірге 100 мың еуродан астам қаржыны алып бара жатқан екен. Қазіргі уақытта Серік Аманғалиев Ақтау ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы оқиғадан кейін облыс әкімінің тағы бір орынбасары М.Скаковтың науқастанып жатқаны туралы ақпарат тарады. Ералы Тоғжановтың тағы бір орынбасары Р. Сакеев еңбек демалысына шығып кеткен. Ал, облыс әкімінің орынбасары лауазымын атқарған тағы бір Б. Жусупов атты азамат жұмыстан шығып кеткен.

Қазір Маңғыстау облысындағы аппарат, Ішкі саясат басқармасы, Білім беру басқармасы, Қаржы басқармасы жетекшісінің орны бос қалған.

Осылай 100 мың еуроның буы талай мемқызметкерді тентіретіп жіберсе керек. Елбасының сенімді серігі саналатын, көп жыл Ассамблеяның тізгінін ұстаған, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың ендігі жағдайы қалай болар екен?

Ендігі қойылар сауал осы...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz4

8 пікір
Қажы Мұқамбет Қаракедей 2018-11-16 00:28:55
Маңғыстауда мұңайлы
Ұмытса егер Құдайды
Есіл -дерті ақшалар
Жемқорлыққа құлайды
НƏНмен онша санаспас
Тек Еypoсын санайды
Дəу де болса Елбасы
Алдай алар қостасы
Ел құлағы елу ғой
Оған сену-айласы
Серік 2018-11-07 11:19:33
Арсыздық пен Ұятсыздық нормаға айналған заман.
А 2018-11-06 22:43:37
Президент қарамағындағы адам парамен ұсталса, кетуі керек деп айтқанының далада қалғаны қаа-шш-аа-нн! Отставкаға кеткен әкімді көрген жоқпыз әзірше.
Асыл 2018-11-06 22:35:53
Адайшал мен Қыржан өте дұрыс айтып отыр. Тоғжанов қызметтен кетуі керек!
Адайшал 2018-11-06 22:23:16
Замдарға зауал келген заман болды ғой, қайда қарасаң тек зам ұсталады, соған қарағанда замдар инкассатор рөлін атқарады ау дейім.
Қыржан 2018-11-06 21:53:46
Серік Аманғалиев Ералы Тоғжановтың Атыраудан арнайы әкелген кадры, яғни әкім командасындағы 1-нөмірлі адам. Әдетте, мұндай орынбасарлардың басшымен ым-жымы бір болады. Сондықтан, Тоғжанов отставкаға кетуге тиіс!
Мирболат 2018-11-06 13:34:15
Бізің Орал ақшаға көп қызықпайтын өңір, лайым аман болғай.
ел 2018-11-06 12:30:58
Өте қауіпті құбылыс. Мемлекеттің ірге тасын шайқалту шенеуніктердің өздері жұмыстануда деген ой туады.

برچسب: نویسنده: یلدا اسدیان تاريخ: سه شنبه 29 آبان 1397 ساعت: 22:42

صفحه بندی